sample

Нурканов Руслан Калибекович

Азаматтық белсенді


2020 жылы 21 ақпанда Нурканов «Бура Найман» аккаунтымен келесі мазмұндағы жазуды орналастырды «Мен ҚДТ бағдарламасын және Мұхтар Қабылұлы Аблязовты қолдаймын» "Қазақстанның демократиялық таңдауына" экстремистік қозғалыс ретінде Астана қаласының Есіл аудандық сотының 2018 жылғы 13 наурыздағы шешімі бойынша тыйым салынды, алайда тәуелсіз бақылаушылар мен құқық қорғаушылар қозғалыс зорлық-зомбылыққа шақырмағандықтан және зорлық-зомбылықты жүзеге асырмағандықтан, бұл шешімді шығаруға саяси түрткі себеп болды деп санайды.

Қысқаша ақпарат



Жері: Айыртау, ВКО

Сотталу бабы: часть 2 статьи 405 УК

Туған күні: 15.09.1980

Сотталған күні: Дело находится в суде

Білім: Орта

Егжей-тегжейлі ақпарат



Жалпы ереже

Нурканов Руслан Калибекович, 15.09.1980 ж. т., азаматтық белсенді, білім – орташа, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Айртау ауылында тұрады.

2020 жылы 21 ақпанда Нурканов «Бура Найман» аккаунтымен келесі мазмұндағы жазуды орналастырды «Мен ҚДТ бағдарламасын және Мұхтар Қабылұлы Аблязовты қолдаймын» "Қазақстанның демократиялық таңдауына" экстремистік қозғалыс ретінде Астана қаласының Есіл аудандық сотының 2018 жылғы 13 наурыздағы шешімі бойынша тыйым салынды, алайда тәуелсіз бақылаушылар мен құқық қорғаушылар қозғалыс зорлық-зомбылыққа шақырмағандықтан және зорлық-зомбылықты жүзеге асырмағандықтан, бұл шешімді шығаруға саяси түрткі себеп болды деп санайды.

Жазуды орналастыру фактісі бойынша Нуркановты экстремизмді жүзеге асыруға байналысты қызметке тыйым салу туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігі) заңдық күшіне енген сот шешімі шығарылған қоғамдық бірлестік қызметіне қатысты деген тағылған айып бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сөз тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы туралы болды.

2020 жылы 11 наурызда политолог-маманды қатыстыра отырып, соттық психологиялық-филиологиялық сараптама тағайындалды. Ол 2020 жылы 09 сәуірде аяқталды және сараптамашылардың қорытындысы бойынша: «Facebook» әлеуметтік желісіндегі «Бура Найман» атымен орналстырылған хабарлама мәтінінің жалпы бағыты, онда мұзмұндалған деректерге сүйене отырып, ақпаратты мазмұндау түрі ҚДТ бағдарламасы мен Мұхтар Қабылұлы Аблязовты қолдауға ықпал етуді білдіру ретінде анқталады. Әлеуметтік желідегі бұл посттың мазмұнынан посттың авторы осы ұйымның қатысушысы боллып табылады деген қорытынды жасауға болады, бірақ оның «ҚДТ» қаржыландырудағы рөлі туралы қорытынды жасауға болмайды. Бұл пост оның авторын осы ұйымның қызу қолдаушысы ретінде көрсетеді және бұл постты әлеуметтік желіде орналастыру «ҚДТ» экстремистік ұйымның және оның көшбасшысы М.К.Аблязовтың идеяларын уағыздау және үгіт жүргізу болып табылады. Мәтінде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының және оның көшбасшысы М.К.Аблязовтың» идеологиясына тиесілілік пен қолдау белгілері бар.

2020 ж. 3 маусымда Өскемен қаласының прокуратурасымен Нуркановқа жазалау акті табысталды және іс сотқа табысталатын болады.

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның қолдауымен Нуркановке заңдық көмекті Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты Т.А. Сейсекенов көрсетуде.