sample

Молчанов Сергей

құқық қорғаушы


Мукина жала жапқаны үшін Молчановты қылмыстық жауапкершілікке тартуды және оны Facebook әлеуметтік желісінде орналастырылған посттарын алып тастауға міндеттеуді және теріске шығаруды талап етті.

Қысқаша ақпарат



Тұрғылықты мекенжайы: Павлодар

Статья осуждения: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабының 2-бөлімі

Туған күні: 10.12.1968

Білім: заңгер

Егжей-тегжейлі ақпарат



Жалпы ереже

Молчанов Сергей Николаевич, 10.12.1968 ж.т., құқық қорғаушы, ШҚО Семей қаласының тумасы, ҚР азаматы, орыс, жоғары білімі бар, "Doktor S. N." ҚҚ жетекшісі болып табылады, "Семей медициналық университеті" ҰАҚ Павлодар филиалының дербестендірілген медицина және педиатрия кафедрасында ассистенті болып жұмыс істейді, Павлодар облысының Павлодар қаласында тұрады, Ұлттық алдын алу механизмі Үйлестіру кеңесінің мүшесі.

Молчанов өзінің сөз және пікір білдіру еркіндігі құқығын іске асыра отырып, Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған өз постылары арқылы тек қана Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы мемлекеттік бюджеттен үкіметтік емес ұйымдарға «гранттар беру ережелері мен рәсімдеріне назар аударғысы келді».

06.01.2020 ж. Молчановтың үстінен Б. К. Мукинаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату және жала жабу туралы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабының 2-бөлімі бойынша жеке шағым берілді. Б.Муқина – "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

Мукина жала жапқаны үшін Молчановты қылмыстық жауапкершілікке тартуды және оны Facebook әлеуметтік желісінде орналастырылған посттарын алып тастауға міндеттеуді және теріске шығаруды талап етті.

06.01.2020 жылы Павлодар қаласының №2 сотында (судья Ж.А. Тлегенова) жеке шағым бойынша сот отырысы өтті. Ол Нұр-сұлтан қаласының №2 Есіл сотымен бейне конференц байланыс (ВКС) арқылы өтті.

Молчанов Мукинаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін және оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату және жала жабу фактісін толығымен жоққа шығарды.

Жеке айыптау тарабы жекелеген посттарға, сондай-ақ Молчановтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Д. Назарбаеваға, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаев пен Қазақстан Республикасының премьер-Министрі А.У. Маминге берген өтініштері бойынша филологиялық-лингвистикалық сараптама жүргізу туралы өтініш жасады. Барлық өтініш бойынша судья бас тартты.

17.01.2020 ж. және 28.01.2020 ж. осы іс бойынша тағы екі сот отырысы өтті. Соңғы отырыста ҚР ҚК-нің 130-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп Молчановты айыптаудан бас тартылуына байланысты Мукина жеке шағымын кері қайтарып алу туралы өтініш ұсынды.

Өтініш қанағаттандырылды, жеке айыптау бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның қолдауымен Молчановқа Павлодар облысы адвокаттар алқасының адвокаты Янчук Н.Э. заңгерлік көмек көрсетті.
Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро
12 маусым 2020 ж.