sample

Арыстанов Медет

азаматтық белсенді


2020 жылы 25 ақпанда Астананың тергеу изоляторында оппозициялық белсендісі Дулат Агадил қайтыс болды. Жақында оны дене күшін қолдана отырып, үйінен штаттағы адамдар алып кеткен. Ағаділ сотқа құрметтемеушілік таныту туралы іс бойынша өтіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (ҚР ІІМ) нұсқауы бойынша тергеу әрекеттерінен жалтарған.

Қысқаша ақпарат



Тұрғылықты мекенжайы: Нұр-сұлтан (Астана)

Бап: 434, 488

Туған күні: -

Егжей-тегжейлі ақпарат



Жалпы ереже

Арыстанов Медет Ахметович, 35 жаста, қазақ, азаматтық белсенді, Нұр-сұлтан қаласында тұрады, бұрын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 "Ұсақ бұзақылық" және 488 "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу" баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2020 жылы 25 ақпанда Астананың тергеу изоляторында оппозициялық белсендісі Дулат Агадил қайтыс болды. Жақында оны дене күшін қолдана отырып, үйінен штаттағы адамдар алып кеткен. Ағаділ сотқа құрметтемеушілік таныту туралы іс бойынша өтіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (ҚР ІІМ) нұсқауы бойынша тергеу әрекеттерінен жалтарған. Бірнеше күннен кейін ҚР ІІМ, прокуратура және Қазақстан Президенті Агадилдің кенеттен қайтыс болу фактісі жөніндегі қылмыстық іс бойынша тергеудің аяқталуын күтпестен, өлімнің себебі — "жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігі"деп мәлімдеді.

Жерлеу алдында Агадилдің достары қаза тапқан адамның денесіндегі жаралар мен гематомалар көрінетін бейнежазба жасаған. Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 274 бабы "көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша белсенділер – М.Арыстановқа, К.Сейткалиевқа, Д.Умирбаевқа қатысты әлеуметтік желілерде Агадилдің денесіндегі іздер түсірілген бейне жазбаны жарияланғандары үшін қылмыстық істі ашты. 27 ақпан күні Арыстанов Медет 10 күнге қамауға алынды, және БАҚ-тың хабарлауы бойынша ол Дулат Ағадилдің денесі түсірілген бейнежазбаны туыстарының рұқсатымен алып тастағаны үшін, қылмыстық қудалауға ұшырады.

14 наурызда Нұр-сұлтан қаласында Бас прокуратураға осы қылмыстық іс бойынша куәгерлер ретінде бірнеше белсенділер шақырылды. Арыстановтан осы іс бойынша "қорғалуға құқығы бар куә" ретінде жауап алынды.

17 наурызда Арыстановты болжам бойынша сотпен экстремистік қозғалыс деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауын» қуадалауға байланысты ҚР ҚК 405 бабы бойынша "қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның қызметіне тыйым салу немесе олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруымен байланысты тарату туралы сот шешімінен кейін қатысу және ұйымдастыру" туралы қылмыстық іс бойынша тергеу іс-қимылдарына қатысу үшін Бас прокуратураға куә ретінде шақырылды.

Арыстанов Медет Нұр-сұлтан қаласындағы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның филиалына құқықтық көмек сұрап, жүгінген жоқ. Алайда, адвокат беруге жәрдем көрсету туралы өтінішпен тікелей Алматы қаласындағы АҚжЗСҚХ Ббас кеңсесіне жүгінді. Соңғы жауап алу 2020 жылдың мамыр айында жүргізілді. 2020 жылдың 19 маусымында осы іс бойынша Арыстанов Медет мәртебесі - қорғау құқығы бар куәгер.

Медет Арыстановтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды адвокат Гүлшат Амантайқызы Дүйсенова жүзеге асырады.

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау
жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро

15 маусым 2020 жыл