sample

Даная Калиева

азаматтық активист


Қазіргі уақытта Д.Калиеваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызғаны үшін" қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды бұл үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарстырыды. Осы қылмыстық істе оның әлі қорғалуға құқығы бар куәгер мәртебесі бар.

Қысқаша ақпарат



Тұрғылықты мекенжайы: Алматы

Статья осуждения: ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы

Туған күні: 28.08.1986

Білім: заңгер

Егжей-тегжейлі ақпарат



Жалпы ереже

Қалиева бейбіт құқық қорғау қызметінің принципшіл белсенді жақтаушысы, биліктің адам құқығын және заңнама мен Конституцияны қатаң түрде сақтауына арналған науқандарды ұйымдастырушы. Ол 2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында ұтқыр топта бақылаушы болды. Бейбіт жиналыстар бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысты, сонымен қатар бейбіт митингтерге қатысушы белсенділердің сот процестерін жариялап жүрді. Сонымен қатар, ол соңғы жылы Алматыда өткен барлық бейбіт митингілердің барлығын дерлік жария етті.

Д.Калиева 2019 жылдың 4 қыркүйегінде өткен Қытай Халық Республикасы билігінің саясатын сынға алған Алматы митингісін ұйымдастырушылардың бірі болды. Д.Калиева өзінің бүкіл қызетінңі барысында бірнеше мәрте әр түрлі қудалауларға, оның ішінде 2020 жылы ұшырады.

2020 жылғы 29 сәуірде оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 2-бөлігі "Билік өкілін қорлау" бойынша, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 55 мың 560 теңге (130 долларға жуық) айыппұлға тағайындаған соттың айыптау үкімі шығарылды, сондай-ақ іс жүргізу шығындары үшін 139 498 теңге 54 тиын (330 АҚШ долларына жуық) мөлшерінде мемлекет кірісіне өндіріп алынды.

2020 ж. 4 мамырында Д. Қалиевадан ҚР ҚК 4 бөлігінің 274 бабы 2 тармағы бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аясында жауап алынған боатын. Сотқа дейінгі тергеуді бастауға 2020 жылғы 4 мамырда «Ақсақал айтады» айдарындағы телеграмм-арнада: «Кімге короно вирус, ал Маминге, BI Group және Рахимбаевқа – короно бизнесс» атты постқа Д.Қалиева өзінің парақшасында «репост» жариялауы себеп болды. Жарияланым 2020 жылы сәуірдің басында COVID-19 пандамиясының жайылуына байланысты үш апта ішінде мамандандырылған инфекциялық госпитальдерді салуға мемлекеттік тапсырыс алған «BI Group» компаниясына арналған еді. Жарияланымда негізгі: емханаларға қаншалықты қажеттілік бар; компания тапсырысты неге байқау жүргізілместен алды; жобалық-сметалық құжаттардың болмауына не себеп және басқа мәселелер қозғалды. Осы қылмыстық іс аясында Д.Калиеваға «қорғауға құқығы бар куәгер» деген мәртебе берілді. Кейіннен арыз берушінің өз арызын қайтарып алғанына қарамастан, бұл іс көпшілік алдындағы айыптауға байланысты болғандықтан, іс тоқтатылмады. Қазіргі уақытта ол «белгісіз» күйде, ал Д.Қалиеваның «қорғауға құқығы бар куәгер» деген мәртебесі өзгермеді.

Осы қылмыстық іс бойынша заңгерлік көмекті Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның қолдауымен Д.Қалиеваға адвокат Балғабаева Ж. көрсетуде.

Осыған ұқсас іс бойынша 2020 жылғы 20 шілдеде Д.Қалиева полицияға жеткізілді және "төтенше жағдай" кезінде "көрінеу жалған ақпарат тарату" туралы іс бойынша одан "қорғауға құқығы бар куәгер" ретінде жауап алынды (ҚР ҚК 274-б. 4-б.). Д. Қалиевадан жауап алу үшін оның 2020 жылғы 5 ақпанда "Facebook" әлеуметтік желісіндегі "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға арналған үлкен шығындарының күмәнді негізділігі туралы жасаған "пост", "репост" және "тэгтар" негіз болды. Жасалған басылымдарда Д.Қалиева банк қаламдар, тескіштер, калькуляторлар және басқа да шаруашылық қажеттіліктерді сатып алуға бір жарым миллиард теңге (3,5 млн доллар) жұмсауға ниетті екенін атап өтті.

Жауап алуға қатысқан адвокат Нұрлан Рахманов жауап алғаннан кейін оған және оның қорғаушысына "32 пост негізінде сарапшы-филологтардың дайын қорытындысын" көрсеткенін айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл посттарда Банктің беделін түсіруге себеп болуы мүмкін және іскерлік беделге әсер ететін ақпарат бар деген қорытынды бар.

Адвокаттың айтуынша, полиция таңертең д. Калиеваның пәтерін тінтті әрі оның және отбасы мүшелерінің барлық техникасы мен телефондарын тәркіледі. Полициядан жауап алу сегіз сағатқа созылды. Іс банк өкілінің 20 сәуірдегі өтініші бойынша қозғалды. Тергеушіде 5 мамырда сараптама қорытындысы болды, оған сәйкес бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және адамдардың осы банкке қатысты теріс ақпаратқа ие болуына ықпал етеді-мыс".

Осылайша, қазіргі уақытта Д. Қалиева бірден екі қылмыстық іс бойынша "қорғауға құқығы бар куәгер" болып өтуде.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 78-бабының 5-тармағына сәйкес: "Егер адамға қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарламада оны жасаған адам ретінде көрсетілсе не оған қарсы қылмыстық процеске қатысушы куә айғақ берсе, бірақ бұл адамға процестік ұстау қолданылмаса не оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарылмаса, онда ол қорғауға құқығы бар куә мәртебесіне ие болады".

Бұл тұжырым "қорғау құқығы бар куәгер" мәртебесіне нақты анықтама бермейді. Алайда, бұл құқықтық мәртебе іс жүзінде "күдікті" мәртебесін білдіреді. Бұл қылмыстық қудалауды жүргізетін органдарға оның кінәсі туралы тікелей және жеткілікті дәлелдерсіз осындай мәртебеге ие болған адамға моральдық қысым көрсету үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау
жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро
28 шілде 2020 жыл