sample

Аскар Қайырбек

азаматтық белсенді


25 ақпанда Астананың тергеу изоляторында оппозициялық белсенді Дулат Агадил қайтыс болды. Мұның алдында оны штаттық киімдегі адамдар дене күшін қолдана отырып, үйінен алып кеткен; Агадил судьяға сыйламаушылық таныту туралы іс бойынша өтті және ҚР Ішкі істер министрлігінің (ҚР ІІМ) нұсқасы бойынша тергеу әрекеттерінен жалтарған.

Қысқаша ақпарат



Тұрғылықты мекенжайы: Нұр-сұлтан (Астана)

Статья осуждения: ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы

Туған күні: -

Егжей-тегжейлі ақпарат



Жалпы ереже

25 ақпанда Астананың тергеу изоляторында оппозициялық белсенді Дулат Агадил қайтыс болды. Мұның алдында оны штаттық киімдегі адамдар дене күшін қолдана отырып, үйінен алып кеткен; Агадил судьяға сыйламаушылық таныту туралы іс бойынша өтті және ҚР Ішкі істер министрлігінің (ҚР ІІМ) нұсқасы бойынша тергеу әрекеттерінен жалтарған. Бірнеше күннен кейін ҚР ІІМ, прокуратура және Қазақстан Президенті Агадилдің кенеттен қайтыс болу фактісі жөнінде қылмыстық іс бойынша тергеудің аяқталуын күтпестен, өлімнің себебі — "жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігі"деп мәлімдеді.

Жерлеу алдында Агадилдің достары қаза тапқан адамның денесіндегі жаралар мен гематомалар көрінетін бейнежазба жасаған. Бас прокуратура "көрінеу жалған ақпарат" таратқаны, атап айтқанда әлеуметтік желілерде Агадилдің денесіндегі іздер түсірілген бейне жазбаны жарияланғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық істі ашты.

Осы қылмыстық іс бойынша Асқар Қайырбек ҚР Бас прокуратурасында қорғау құқығымен бір рет куәгер ретінде жауап берді, қызметкерлер тарапынан қысым болмағанын айтты. Аталмыш бейнежазбаны түсіруге қатыстылығын жоққа шығарады. Бұл бейнежазба туралы әлеуметтік желілердегі өзінің арнасында пікір білдіргені туралы фактіні растайды.
2020 жылдың 27 маусымында осы іс бойынша Асқар Қайырбектің мәртебесі – қорғау құқығы бар куәгер.

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның қолдауымен Қайырбекке адвокат Эннс Ольга Витальевна заңгерлік көмек көрсетеді.

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау
жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро

27 маусым 2020 жыл