sample

Молдалімов Диас

Азаматтық белсендісі


2020 жылдың 27 наурызында БАСЕ арнасында және басқа да you tube арналарында Диас Молдаәлімовтың бейнеүндеуі жарияланды.

Қысқаша ақпарат



Тұрғылықты мекенжайы: Алматы

Бап: 274

Туған күні: -

Егжей-тегжейлі ақпарат



Жалпы ереже

2020 жылдың 27 наурызында БАСЕ арнасында және басқа да you tube арналарында Диас Молдаәлімовтың бейнеүндеуі жарияланды. Өз хатында ол карантин кезіндегі биліктің іс-әрекетін қатаң сынға алып, ел бойынша митингілер жақында аяқталатынын және аш халық Ақордаға шабуыл жасауға баратынын айтты. Молдаәлімов өз бейнеоролигінде Covid-19 пандемиясына байланысты мәжбүрлі карантин кезеңінде ел азаматтарына қалай көмек көрсету керектігі туралы мемлекетке жүгінді.

Жарияланымнан кейін бірнеше сағаттан соң Молдаәлімовты ҰҚК мен полиция қызметкерлері іздестіре бастады. Нәтижесінде, 28 наурызда ол бес полиция қызметкерімен ұсталып, Алматы қаласы бойынша полиция департаментіне жеткізілді. Ұсталған кезде оған құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сондай - ақ кейінірек оған әлеуметтік желілерде Үкіметке жасаған бейне үндеуіне байланысты COVID-19 пандемиясы туралы жалған ақпаратты тарату туралы ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы таңылатынын хабарлады.

Қолда бар ақпарат бойынша тергеуші Абдуллаевтың кабинетінде үш жедел уәкіл, кезекші прокурор, сондай-ақ "азаматтық киімде" екі адам болған, Молдаәлімовтың болжамы бойынша олар «комитетшілер» болып табылады. Жауап алу бес сағатқа созылып, оған моральдық қауіп төндіріп, бейнежазбаларды жою үшін ұялы телефон беруді талап еткен.

Тергеуші Абдуллаев оған ерікті түрде өзіне қарсы көрсетулерді беруді ұсынды. Өзіне қарсы көрсетулерді бермеу құқығына байланысты ол жауап беруден және қандай да бір ақпаратты беруден бас тартты. Оның айтуынша, ол сотта кінәсіздігін қорғамақ.

Молдалімовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша, атап айтқанда, төтенше жағдай кезінде қолданылатын және үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі неғұрлым қатаң жазаны көздейтін 4-бөлімнің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жоғарыда айтылғандай, Молдаәлімовтың қылмыстық қудалауға және "қылмыс" жасауының дәлелі ретінде БАСЕ арнасында және басқа да you tube арналарында 2020 жылдың 27 наурызында жарияланған бейне үндеулері негіз болды.

Алғашқы ұсталғаннан кейін Молдаәлімовке адвокат берілді, ол келесі тергеу әрекеттеріне қатысты. Молдаәлімовтан жауап алғаннан кейін үйіне жіберілді, оған тергеліп жатқан іс бойынша куәгер ретінде өтетіні хабарланды.

Заңдық көмекті Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның қолдауымен Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Нұрпейісов Ғалым Құрманжанұлы көрсетті.

Қылмыстық қудалау басталғанға дейін Молдаәлімов келесі мәселелер бойынша қоғамның назарын аударды:

- өз бетінше жұмыспен айналысушыларды табысын жоғалтқан азаматтарға төленетін төлемдер тізіміне қосу;
- жаппай пандемия жағдайында медициналық қызметкерлерді қосымша жұмылдыру;
- науқастар үшін аурухана немесе госпитальдарды салу;
- өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу.
Молдаәлімовтің өз пікірін еркін білдіру құқығын іске асырғаны анық болды.

Ақыр соңында іс тоқтатылды.

24 маусым 2020 ж.