sample

Суюбаев Асанали Оңалбайұлы

Азаматтық активист


Суюбаев Асанали Нұр-сұлтан қ. көпбейінді психикалық денсаулық орталығында диспансерлік бақылауда тұрады, психиатр дәрігерде байқалады және 2014 жылдан бастап 2 топ мүгедегі болып табылады.

Қысқаша ақпарат



Жері: Нур-Султан

Сотталу бабы: -

Туған күні: 05.07.1990 г.р.

Сотталған күні: 16.04.2020 психдиспансерге орналастырылды

Білім: Орта

Егжей-тегжейлі ақпарат



Жалпы ереже

Суюбаев Асанали Нұр-сұлтан қ. көпбейінді психикалық денсаулық орталығында диспансерлік бақылауда тұрады, психиатр дәрігерде байқалады және 2014 жылдан бастап 2 топ мүгедегі болып табылады.

Суюбаев 2019 жылғы желтоқсаннан бастап азаматтардың бейбіт жиналыстарға қатысы құқығын қорғайды, сондай-ақ 2020 жылғы наурыздан бастап Telegram мессенджері "Көше партиясы" тіркелмеген оппозициялық партиясының чатында тұрады. 19 мамыр 2020 ж. партия Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімі бойынша "Көше партиясына" экстремистік топ ретінде тыйым салынған, алайда тәуелсіз бақылаушылар мен құқық қорғаушылар бұл шешімді қабылдауға саяси түрткі бар деп есептейді, себебі партия зорлық-зомбылыққа шақырмады және зорлық-зомбылықты жүзеге асырған жоқ.

2020 жылдың 15 сәуірінде Суюбаев өзінің Facebook парақшасында Тараз қаласының психиатриялық клиникасынан азаматтық активист Әлімжан Ізбасаровты босату туралы талап қойған болатын.

2020 жылы 16 сәуірде Суюбаев ұсталды және Облыстық психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлі түрде жатқызылды. Полиция қызметкерлерінің мәлімдемесіне сәйкес, оны ұстау және мәжбүрлеп ауруханаға жатқызуға, оның қоғамдық тәртіпті бұзғанына, барлық нәрседе "билікті" айыптауы, яғни қоғамда қабылданған моральдық, саяси құндылықтармен келіспейтінін білдіруі себеп болды.

Психиатриялық клиникаға келгеннен кейін кезекші дәрігер Суюбаевқа бірден өз жағдайын қиындатпау үшін емделуге ерікті келісімге қол қоюды ұсынды.

2020 жылы 21 сәуірде ауруханаға мәжбүрлеп жатқызғаннан кейін арада 5 тәулік өткен соң дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімімен Суюбаевқа дәрі-дәрмекпен емдеу шарасы тағайындалған. Алайда, оның анасы Құрманай Сүйюбаева Облыстық психикалық денсаулық орталығы жүзеге асыратын және ұсынатын дәрі-дәрмекпен емдеу мен басқа да медициналық араласудың түрлерінен жазбаша бас тартты.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының әкімшілігі 16.04.2020 ж. бастап 06.05.2020 ж. дейінгі аралықта карантин режимінің енгенін сылтаурата отырып, Суюбаевтың адвокатпен жеке қарым-қатынас жасауына мүмкіндік бермеді, соның салдарынан келушілерге карантин алынғанға дейін оған баруға тыйым салынды.

2020 жылдың 4 мамырында адвокат Ақтөбе қаласының №3 сотына психиатр-дәрігерлер комиссиясының психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы қорытындысын заңсыз деп тану туралы азаматтық талап арыз берді, өйткені адвокаттың пікірі бойынша Суюбаевты ауруханаға жатқызу және куәландыру ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексін бұза отырып жүзеге асырылды. Суюбаевтың ақыл есі бүтін, уақыт, кеңістік пен өзінің тұлғасына жақсы бағдарланады, ал оны психиатриялық емдеу үшін мәжбүрлеп орналастырылуын басқа ойы үшін жаза ретінде қарастыруға болады.

2020 жылдың 6 мамырында Суюбаев Облыстық психикалық денсаулық орталығынан үйге шығарылды.

Адвокат Суюбаевқа Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның қолдауымен заң көмегін көрсетеді.