sample

Абишев Әсет

азаматтық активист, құқық қорғаушы, блогер


Абишев "Facebook" әлеуметтік желісінде демократия мен адам құқығы идеяларын алға тартты. Саяси өзгерістердің қажет екені туралы бейне жолдаулар жасады. Әлеуметтік желілерде оппозициялық топтардың модераторы болды. Өзін бейбіт құқық қорғау қызметінің принципшіл жақтаушысы ретінде көрсетті.

Қысқаша ақпарат



Тұрғылықты мекенжайы: Алматы

Статья осуждения: часть 2 статьи 405 УК, часть 1 статьи 266 УК

Туған күні: 17.06.1977

Сотталған күні: 07/06/2018

Білім: Среднее

Егжей-тегжейлі ақпарат



Жалпы ереже

Абишев "Facebook" әлеуметтік желісінде демократия мен адам құқығы идеяларын алға тартты. Саяси өзгерістердің қажет екені туралы бейне жолдаулар жасады. Әлеуметтік желілерде оппозициялық топтардың модераторы болды. Өзін бейбіт құқық қорғау қызметінің принципшіл жақтаушысы ретінде көрсетті.

Абишев "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) оппозициялық қозғалысын қолдады. Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімі бойынша 2018 жылы 13 наурызда бұл қозғалыс экстремистік деп танылды. Дегенмен, тәуелсіз бақылаушылар мен құқық қорғаушылар қозғалыс зорлық-зомбылыққа шақырмағандықтан және зорлық-зомбылықты жүзеге асырмағандықтан бұл шешімді шығаруға саяси түрткі себеп болды деп есептейді.

Сондай-ақ, Абишев қоғамның назарын төмендегілер секілді мәселелерге аудартуда белсенділік танытты:

- азаматтар мен әлеуметтік топтардың еркіндігін қалыптастыру және білдіру;
- «аутизмге» шалдыққан адамдарды қолдау;
- бейбіт жиналыстар өткізу мәселелерінің заңдылығы бойынша заң көмегі;
- мектептерде, жоғары оқу орындарында білім деңгейін дамыту;
- халықтың осал топтарының материалдық әл-ауқатын арттыру.

Абишев 2018 жылы 07 шілдеде қамауға алынды және экстремизмді жүзеге асыруға байналысты қызметке тыйым салу туралы заңдық күшіне енген сот шешімі шығарылған қоғамдық бірлестік қызметіне қатысқаны (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігі) және қылмыстық ұйымды қаржыландырғаны (үшін ҚР ҚК 266-бабының 1-бөлігі) айыпталды. Сөз тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы туралы болды.

Абишевті қылмыстық қудалау мен оның «қылмыс жасағанын» дәлелдеу негіздері ретінде, айыптау оның қылмыстық топқа және "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымына ақпараттық қызмет көрсету мақсатында өзінің "Facebook" әлеуметтік желісінің бетінде "Asset Abishev" аккаунты арқылы қылмыстық топ пен "Қазақстанның демократиялық таңдауы" тыйым салынған ұйымның қызметі туралы аудио-бейне-фото материалдарды қасақана орналастырғанын көрсетеді. Айыптау осы әрекеттерімен Абишев ҚДТ-ның экстремизмді жүзеге асыруына байналысты қызметіне тыйым салу туралы заңдық күшіне енген сот шешімі шығарылған қоғамдық бірлестік қызметіне қатысты деген қорытынды жасады.

Тәуелсіз бақылаушылардың пікірі бойынша Абишевтің ісі жөніндегі сот үдерістері айыптау жағына бұру бағытында өтті және оны 2018 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасы ҚК-нің 1-бөлігінің 266-бабы, 2-бөлігінің 405-бабы бойынша қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Апелляциялық сатыдағы сот – Алматы қалалық соты үкімді бекітті, ал отырыс тергеу изоляторында ұсталған Абишевтің жеке қатысуынсыз өтті.

Жазаны өтеу барысында Абишев сотталғандарға құқықтық көмек көрсете отырып, белсенді құқық қорғау қызметін жалғастырды. 2019 жылы 23-25 сәуірде Абишев тұрған Алматы облысының ЛА 155/14 мекемесінде жоспарлы тінту іс-шараларын өткізу барысында, ол лауазымды адамдар тарапынан өзінің қатыгездік қатынасқа тап болғанын айтады. Оның арызы бойынша ҚР ҚК 146 бабы «Азаптаулар» бойынша бірнеше рет тоқтатылған, аяқталған және қайта қоздырылған қылмыстық іс қозғалды. Осы уақытқа дейін тергеу нәтижелері жоқ.

Қапшағай қалалық соты 2018 жылдың 27 желтоқсанында Абишевтің жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Қаулыда келтірілген дәлелдің бөлігі Абишевтің мінез-құлықының деңгейі мен оның түзелу жолына түскен-түспеуінің анықталмауына негізделеді. Алматы облысының апелляциялық соты 2020 жылы 12 ақпанда Абишевтің адвокаты Г.Жуаспаеваның жоғарыда көрсетілген қаулыға шағымдану мәселесі бойынша жеке шағымын қанағаттандырудан бас тартты.

2020 ж. 07 сәуірде ол оқшауланған учаскеден кетуге тырысып, жеке тексеруге кедергі келтіргені үшін, ал жеке тінту кезінде оның ұялы телефоны тәркіленді деген сылтаумен Абишев тәртіптік изоляторға 15 тәулікке қамалды. 2020 жылдың 22 сәуірінде Абишев тағы да 10 тәулікке сыртқы ұқыптылығы мен жеке бас гигиенасын сақтамағаны (қырынбағаны) үшін тәртіптік изоляторға қамалды. Тәртіптік изоляторда болған кезде мекеме әкімшілігі Абишевке адвокатқа қол жеткізуіне кедергі жасады.

2020 ж. 02 маусымда Қапшағай қалалық сотында Абишевтың шартты түрде-мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарау басталды.