САЯСИ ТҰТҚЫНДАРДЫ ҚОЛДА!

Ержан Елшібаев Қазақстанның мұнайлы өңірінің орталығында орналасқан Батыс Қазақстандағы Жаңаөзен қаласында тұрды. Мұнайлы өңірде орналасқан Жаңаөзендегі жұмыссыздық деңгейі елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып саналады.

Жаңаөзендіктердің бұл жағдайға жалпы наразылығынан кейін Ержан жұмыссыздарға жұмыс орнын ашып, жұмысшылардың жалақысын көтеруді талап еткен митингілердің бастамашыларының бірі болды. Жиындарда Ержан президент Назарбаевты жемқорлық пен мемлекеттік бюджетті тиімсіз игерді деп айыптап, сынға алды.

Бұл оның үстінен қозғалған қылмыстық қудалауға негіз болды. Алайда, шын мәнінде, Елшібаев екі жыл бұрын 2017 жылы тұрмыстық төбелес кезінде «денсаулыққа зақым келтірді» деп айыпталған, тергеудің мәліметінше, белсенді белгісіз біреуді жарақаттаған.

2019 жылдың 17 қазанында ол «Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша (ҚК 106-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы) бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Құқық қорғаушылар мен Елшібаевтың өзі оған тағылған айыптарды қоғамдық қызметі мен азаматтық белсенділігі үшін қудалау деп санайды.

Елшібаевты қудалау бас бостандығынан айыру орындарында да жалғасты, ЗК-169/5 қызметкерлері Ержанды заңсыз әрекеттерге итермелеп, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлемек болды.

Елшібаев мекеме қызметкерлерінің қысымына бірнеше рет шағымданған. 2020 жылдың тамызында ол түрме әкімшілігінің теріс әрекетіне наразылық білдіру үшін аузын да тікті. Ал 2021 жылдың шілдесінде ол ішін кесіп тастаған.

Мекеме басшылығы бұл фактіні «түзеу мекемесі қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау» деп бағалады. Осыған байланысты, қазіргі уақытта Елшібаев сол бап бойынша да қосымша мерзімге жазаға кесілген. Мекеме әкімшілігінің бастамасы бойынша ҚК 428 бабы бойынша іс қозғалған. Бұл мәселе бойынша сот 2022 жылдың сәуір айының соңында күтілуде.



Арыз мәтіні

Қазақстан Республикасының Президенті
Қ-Ж.Қ.Тоқаев мырза

Мені қамаудағы Ержан Елшібаевтың қылмыстық жазасын өтеу жағдайы қатты алаңдатады.

Ержан Елшібаев Қазақстанның мұнайлы өңірінің орталығында орналасқан Батыс Қазақстандағы Жаңаөзен қаласында тұрған. Білесіз, Жаңаөзендегі жұмыссыздық деңгейі елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып қалып отыр.

Жаңаөзендіктердің бұл жағдайға жалпы наразылығынан кейін Ержан жұмыссыздарға жұмыс орнын ашып, жұмысшылардың жалақысын көтеруді талап еткен митингілердің бастамашыларының бірі болды. Жиындарда Ержан президент Назарбаевты жемқорлық пен мемлекеттік бюджетті тиімсіз игерді деп айыптап, сынға алды.

Бұл оның үстінен қозғалған қылмыстық қудалауға негіз болды. Алайда, шын мәнінде, Елшібаевқа екі жыл бұрын 2017 жылы тұрмыстық төбелес кезінде «денсаулыққа зақым келтірді» деген айып тағылған, оның барысында тергеудің мәліметінше, белсенді белгісіз біреуді жарақаттаған.

2019 жылдың 17 қазанында ол «Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша (ҚК 106-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы) бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Құқық қорғаушылар мен Елшібаевтың өзі оған тағылған айыптарды қоғамдық қызметі мен азаматтық белсенділігі үшін қудалау деп санайды.

2019 жылдың 25 қарашасында апелляциялық сот оқиғаға қатысы бар тұлғалар Елшібаевқа ешқандай талаптары жоқ екенін айтқанымен үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Бұл ретте Елшібаевтың жазасын өтеп жатқан мекеме әкімшілігінің заңсыз әрекеттерінің салдарынан денсаулығының жай-күйі қатты алаңдатады.

Елшібаевты қудалау бас бостандығынан айыру орындарында да жалғасты, ЗК-169/5 қызметкерлері Ержанды заңсыз әрекеттерге итермелеп, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлемек болды.

Елшібаев мекеме қызметкерлерінің қысымына бірнеше рет шағымданған. 2020 жылдың тамызында ол түрме әкімшілігінің теріс әрекетіне наразылық білдіру үшін аузын тікті. Ал 2021 жылдың шілдесінде ол ішін кесіп тастаған.

2021 жылдың 3 наурызында желіде Елшібаев түрмеде төтенше наразылық шараларын қолдануға дайын екенін айтқан видео пайда болды. Видеода Елшібаев осы түрмеге кірген сәттен бастап осы колония қызметкерлерінің бірінен бірнеше рет қысым көргенін айтады. Сотталғандардың шағымынан кейін бұл қызметкер уақытша басқа жұмысқа ауыстырылды, бірақ 2021 жылдың ақпанында ол кері қайтарылып, қысым көрсету фактілері жалғасуда», - деді Елшібаев. Интернетте Елшібаевтың видео үндеуі пайда болды. Ол жерде: «Мен өзіме қол саламын. Осыдан кейін аман қалмасам, осы қызметкердің үстінен іс қозғауыңызды сұраймын”, - делінген.

Мекеме басшылығы бұл фактіні «түзеу мекемесі қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау» деп бағалады. Осыған байланысты, қазіргі уақытта Елшібаев қосымша мерзімге жазалануы мүмкін. Мекеме әкімшілігінің бастамасы бойынша ҚК 428 бабы бойынша іс қозғалған. Бұл мәселе бойынша сот 2022 жылдың сәуір айының соңында күтілуде.

2021 жылғы 3-12 мамырда Женевада өткен БҰҰ-ның негізсіз қамау жөніндегі жұмыс тобының 90-шы сессиясында Қазақстан жаңаөзендік белсенді Елшібаевты ұстап, түрмеге отырғызу арқылы бірқатар халықаралық адам құқықтарын бұзғаны мойындалып, Қазақстан билігін оны заңсыз қамаудан дереу босату ұсынылды.

Еуропарламент Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы туралы қарарында Елшібаевты, басқа ондаған саяси тұтқындар сияқты, дереу босатып, оңалтуға шақырды.

БҰҰ-ның негізсіз қамау жөніндегі жұмыс тобы Елшібаевты ұстау мен түрмеге жабуды заң бұзушылық деп атады.

Елшібаевтың айыптауы оның билікті қоғамдық сынға алып сөйлегені, жұмыссыздарды қолдауға бағытталған бейбіт қоғамдық шерулерге қатысқаны үшін.

Алайда, Қазақстан Республикасының Конституциясы билікті ашық сынауға және егер оларда конституцияға қайшы сөздер болмаса, бейбіт қоғамдық наразылықтарға қатысуға тыйым салмайды.

Осыған орай, мен (біз) Қазақстан билігі елдегі өздерінің саяси қарсыластарына және басқа да диссиденттерге қарсы репрессияларды тоқтатуы керек деп есептеймін. Мен (біз) Ержан Елшібаевты тез арада босатуды, ЗК-169/5 мекемесі әкімшілігінің қудалауын тоқтатуды талап етеміз.

Мен сізден сұраймын:

Ержан Елшібаевты дереу босатыңыз, себебі ол ешқандай қылмыстық құқық бұзушылық жасамаған, бейбіт әрекет етіп, заңға қайшы келмейтін мәлімдемелер жасаған.