САЯСИ ТҰТҚЫНДАРДЫ ҚОЛДА!
Жанболат Мамай – Қазақстанға белгілі саясаткер және журналист, «Трибуна» газетінің бұрынғы бас редакторы (қазір жабық), тіркелмеген Қазақстан Демократиялық партиясының жетекшісі. Қазір ол қылмыстық іс бойынша тергеу қорытындысы шыққанша қамауда отыр.
Оның үстінен билік өкіліне тіл тигізді және жалған ақпарат таратты деген желеумен 2021 жылғы екі бөлек оқиға бойынша, екі түрлі айыппен қылмыстық іс қозғалған.
Бұған дейін Мамай Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан бейбіт шерушілерді еске алу акциясын ұйымдастырғаны үшін ұсталып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.
12 наурызда ол босатылуы керек еді, бірақ сот оны тағы екі айға қамауда қалдырды.
Мамайға 2021 жылдың қыркүйегінде келісілмеген митингіде полицияның әрекетін ұят деп бағалағаны үшін «билік өкілдерін қорлады» деген айып тағылған.
«Жалған ақпарат таратты» деген тағы бір айып Мамайдың Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен кездесулерін әлеуметтік желі арқылы көрсетуіне негізделген. 2021 жылдың желтоқсанында агенттік Мамай өзінің «жеке саяси мақсаттарына» жету үшін несиелер бойынша «несие амнистиясы» туралы жалған ақпарат таратқанын мәлімдеген. Соның негізінде Жанболат Мамайға қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалған.
Жанболат Мамайды Қазақстан құқыққорғаушыларымен қатар Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары да саяси тұтқын ретінде бағалап, оның дереу босатылуын талап еткен.
Жанболат Мамайды қолдаңыз. Сілтеме арқылы сайтқа кіріп, оны қолдау хатын жіберіңіз.
Арыз мәтіні
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ-Ж.Қ.Тоқаев мырза
Мені Жанболат Мамайдың қудалануы қатты алаңдатады.
Жанболат Мамай – Қазақстанға белгілі саясаткер және журналист, «Трибуна» газетінің бұрынғы бас редакторы (қазір жабық), тіркелмеген Қазақстан Демократиялық партиясының (ҚДП) жетекшісі.
Оған қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы «жалған ақпарат тарату». Бұған дейін Мамай қаңтарда жанармай бағасының көтерілуіне қарсы шеру кезінде қаза тапқан бейбіт шерушілерді еске алу акциясын ұйымдастырғаны үшін ұсталып, 15 тәулікке «әкімшілік қамауға» алынған болатын.
Мамай 2022 жылдың 12 наурызында босатылуы керек еді. Алайда оның орнына сот 2022 жылғы 14 наурызда Мамайға қатысты өткен жылы қозғалған екі қылмыстық істі тергеу барысында екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.
Мамайға 2021 жылдың қыркүйегінде келісілмеген митингіде полицияның әрекетін ұят деп бағалағаны үшін «билік өкілдерін қорлады» деген айып тағылған.
«Жалған ақпарат таратты» деген тағы бір айып Мамайдың Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен кездесулерін әлеуметтік желі арқылы көрсетуіне негізделген. 2021 жылдың желтоқсанында агенттік Мамай өзінің «жеке саяси мақсаттарына» жету үшін несиелер бойынша «несие амнистиясы» туралы жалған ақпарат таратқанын мәлімдеген. Соның негізінде Жанболат Мамайға қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалған.
2022 жылдың 15 наурызында Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі Жанболат Мамайдың қамақта ұсталу мерзімінің ұзаруына байланысты алаңдаушылық білдірді: «Сөз бостандығын құрметтеу және бейбіт жиналыстарға рұқсат беру жұмыс істеп тұрған демократияның негізі болып табылады. Біз Қазақстан үкіметін барлық азаматтарға қамауға алудан немесе қуғын-сүргінге ұшыраудан қорықпай өз пікірлері мен мәселелерін бейбіт түрде білдіруге мүмкіндік беруге шақырамыз».
2022 жылдың 26 наурызында беделді халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Мамайға тағылған айыптар биліктің саяси реформаларды қалайтыны туралы мәлімдемелеріне қайшы келеді деп мәлімдеді.
2022 жылдың 1 сәуірінде халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы саясаткерді қорғап, Сізге, Президент мырза, Мамайды босатуға шақырып үндеу жолдады: «Осы айда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа Қазақстан» құруды, ашық, демократиялық принциптерге негізделген қоғам, саяси партияларды тіркеуді уәде етті. Егер Қазақстанда шынымен де ашық саяси жүйе пайда болса, ол Мамайдың құқығын құрметтеуден басталуы тиіс. Билік оған тағылған жалған айыптарды алып тастап, өзін босатуы керек».
Мамайға тағылған айыптар қамауға алынбай, басқа бұлтартпау шарасын қарастыратын «ұсақ ауырлық» санатына жататын қылмыс болып саналады.
Заңнамада қамауға алу бес жылдан астам бас бостандығынан айыру көзделген қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамға ғана қолданылатыны көрсетілген. Заң бойынша тағы бір жұмсақ бұлтартпау шарасы таңдалуы мүмкін екеніне қарамастан, Мамайды ұстау фактісінің өзі оның қуғындалуының нақты саяси контекстін көрсетеді.
Мамайға бір жыл бұрын қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, тағылған айыптар өте күмәнді, Мамайдың әйелі Инга Иманбайдың айтуынша, «қорлау» ісінде Мамайдың сөзінде қорлау белгілерінің жоқтығы туралы сараптамалық қорытынды бар.
Оның үстіне рақымшылықпен босатудың барлық негіздеріне қарамастан, Мамайды өзіне тағылған айып бойынша кінәсін мойындамады деген сылтаумен оған қарымшылық қолданылмады. Рақымшылық туралы заңға сәйкес, кінәні мойындамау, рақымшылық қолданбауға негіз болып табылмайды.
Алайда, жоғарыда аталған фактілерге және тағылған айыптың аса күмәнді негіздеріне қарамастан, Мамайды қамауда ұстау жалғасуда. Оның үстіне, оның жақтастары да қудалауға ұшырауда, Мамайдың жақтастарынан қылмыстық және әкімшілік істер бойынша куәгер ретінде жауап алынуда. Қазір бірнеше Демократиялық партия мүшелері 15-20 күн көлемінде әкімшілік қамақта отыр.
Осыған орай, Қазақстан билігі елдегі саяси қарсыластарына және басқа да диссиденттерге қарсы қуғын-сүргінді тоқтатуы керек деп есептеймін. Мен Жанболат Мамайды тез арада босатып, оған тағылған айыпты алып тастауды талап етемін.
Жанболат Мамай ешбір қылмыстық құқық бұзушылық жасамағандықтан, бейбіт әрекет етіп, заңға қайшы келмейтін мәлімдемелер жасағандықтан, оның дереу босатылуы қамтамасыз етілсін.